KZ
RU
EN
26 мамыр 2026, 04:31
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.05.2026 15:12 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ 2026 жылғы 1 шілдеден бастап мұнайды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау қызметтеріне тарифтердің өзгеретінін хабарлайды

/KASE, 25.05.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) келесіні хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2026 жылғы 22 мамырдағы №34 бұйрығымен экспорттық нарыққа магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау бойынша кейбір реттелетін қызметтердің тарифтері бекітілді.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап тарифтер келесідей болады:

Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясындағы теміржол цистерналарына мұнай құю – 1 тонна үшін 1 292,51 теңге (ҚҚС-сыз), 79,31 теңгеге немесе 6,5% өсті;

Т. Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында Каспий құбыр консорциумы жүйесіне мұнайды қыздыра отырып ауыстырып тиеу бойынша – 1 тонна үшін 500,10 теңге (ҚҚС-сыз), 180,01 теңгеге немесе 56,2% өсті;

қазақстандық мұнайды басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыру бойынша (бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет) – тоннасына 120,34 теңге (ҚҚС-сыз), 35,87 теңгеге немесе 42,5% өсті.

Айта кету керек, жоғарыда аталған қызметтердің тарифтері 2023 жылдан бері қайта қаралмаған.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қазақ тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің орыс тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

Баспасөз мәлімдемесінің ағылшын тіліндегі толық нұсқасы – толығырақ

[2026-05-25]