25 мамырдан бастап "KMF Банк" АҚ облигацияларының үш шығарылымы негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 25.05.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 22 мамырында "KMF Банк" АҚ (Алматы) облигацияларын негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне мынадай облигацияларды енгізу туралы шешім қабылдады:
- KZ2C00018034 (MFKMb10; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады – шығару сәтіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + жылдық 3,00% дейін; 30/360);
- KZ2C00018125 (MFKMb11; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады – шығару сәтіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + жылдық 3,00% дейін; 30/360);
- KZ2C00018257 (MFKMb12; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталатын болады – шығару сәтіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + жылдық 3,00% дейін; 30/360).
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 25 мамырынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2026 жылдың 21 сәуірінде 30,0 млрд теңге сомасында тіркелген "KMF Банк" АҚ үшінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші, екінші және үшінші болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-05-25]