KZ
RU
EN
26 мамыр 2026, 05:56
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.05.2026 11:59 #Қаржы құралдары

25 мамырдан бастап "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00018310 (NCOMb14) облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 25.05.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2026 жылдың 21 мамырында "Fincraft Group" ЖШС (Алматы) KZ2P00018310 (NCOMb14; $100, $10,0 млн; 360 күн; жартыжылдық купон, жылдық 11,00 %; 30/360) облигацияларын негізгі алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 25 мамырынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-05-25]