Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасы JPMorgan Chase & Co. US46625H1005 (JPM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады.
/KASE, 20.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 21 мамырынан бастап есеп айырысу күні 2026 жылдың 06 шілдесіне және одан кейінгі күндерге келетін, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша JPMorgan Chase & Co. US46625Н1005 ("KASE Global" секторы, JPM_KZ) жай акцияларымен KASE- де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 08 шілдесінен бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-05-20]