Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00014033 (BTRKb25) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 20.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 20 мамырынан бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00014033 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb25; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 15.05.25 – 20.05.26; купон айналым мерзімінің соңында бір рет төленеді, жылдық 16,93%; actual/365) облигацияларының айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2025 жылдың 14 мамырынан бастап негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2025 жылдың 19 мамырынан бастап ашылды.
[2026-05-20]