KZ
RU
EN
25 мамыр 2026, 07:33
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.05.2026 16:55 #Қаржы құралдары

18 мамырдан бастап "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00018232 (IDFRb9) әлеуметтік облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 18.05.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 15 мамырында "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Астана) KZ2C00018232 (IDFRb9; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 5 жыл; жарты жылдық купон; облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; 30/360) әлеуметтік облигациялардың негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 18 мамырынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы 2023 жылдың 27 қазанында 500,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде төртінші болып табылады.

"Halyk Finance" АҚ "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі және андеррайтері болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-05-18]