KZ
RU
EN
15 мамыр 2026, 16:14
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15.05.2026 14:21 #Қаржы құралдары

15 мамырдан бастап "Eurasia Building-British" ЖШС KZ2P00018104 (ERBBb1) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 15.05.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 15 мамырында "Eurasia Building-British" ЖШС (Қарағанды)KZ2P00018104 (ERBBb1; 1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; тоқсандық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигациялары баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 15 мамырынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2026 жылдың 23 сәуірінде 10,0 млрд теңге сомасына тіркелген "Eurasia Building-British" ЖШС-нің бірінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде бірінші болып табылады.

"Eurasia Building-British" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Teniz Capital Investment Banking" АҚ болып табылады.

"Eurasia Building-British" ЖШС қызметінің негізгі түрі – тұрғын үй ғимараттарын салу.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-05-15]