Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18 мамырдан бастап "Aidarly Project (Айдарлы Проджект)" АҚ KZ1C00014562 (ADRP) жай акциялары олардың эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады
/KASE, 15.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингтік комиссиясының 2026 жылдың 15 мамырындағы шешімімен KASE ресми тізімінен "Aidarly Project (Айдарлы Проджект)" АҚ KZ1C00014562 (KASE баламалы алаңы, "акциялар"секторы, ADRP) жай акциялары алынып тасталды.
Листингтік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 18 мамырынан бастап күшіне енеді.
Бұл шешім "Aidarly Project (Айдарлы Проджект)" АҚ-ның KASE ресми тізімінен көрсетілген акцияларды ерікті түрде делистингтеу туралы өтініші негізінде қабылданды.
Аталған акциялар 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторына енгізілді. Олармен сауда-саттық 2022 жылдың 21 қарашасынан бастап ашылды.
[2026-05-15]