KZ
RU
EN
15 мамыр 2026, 07:43
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.05.2026 17:15 #Корпоративтік уақиғалар

28 мамырға тағайындалған "Нұрбанк" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін толықтыру туралы хабарлама

/KASE, 14.05.26/ – "Нұрбанк" АҚ (KASE тикері – NRBN) 2026 жылдың 28 мамырына тағайындалған акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібінің толықтырылғаны туралы хабарлайды.

Толықтыруды ескере отырып, жиналыстың күн тәртібі:

1) акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;

2) банктің 2025 жылға жеке (шоғырландырылмаған) жылдық аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту туралы;

3) банктің 2025 жылға шоғырландырылған жылдық аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту туралы;

4) банктің 2025 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы және банктің бір жай акциясына есептегенде 2025 жылға дивидендтер мөлшері туралы шешім қабылдау туралы;

5) банк акционерлерін 2025 жылдағы Директорлар кеңесі мүшелеріне және банктің Басқарма мүшелеріне сыйақының мөлшері мен құрамы туралы хабардар ету туралы;

6) Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау туралы;

7) акционерлердің банктің, оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне шағымдары және оларды 2025 жылы қарау қорытындылары туралы;

8) банктің Директорлар кеңесі туралы қағидаға № 1 өзгертулерді бекіту туралы;

9) тәуелсіз директорлардың тәуелсіздік талаптарына сәйкестігі туралы есепті қарау туралы;

10) банктің Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және шығып қалған мүшенің орнына банктің Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ

[2026-05-14]