KZ
RU
EN
15 мамыр 2026, 07:43
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.05.2026 17:31 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 350 млрд теңге мөлшерінде дивидендтер бөлуді ұсынды

/KASE, 14.05.26/ – "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – KMGZ) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 8 мамырдағы шешімімен аудиттелген қаржылық есептілік негізінде ҚМГ акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына 2025 жылы алынған 1 072 млрд теңге таза пайданы келесі тәртіпте бөлу туралы шешім қабылдады:

  • ҚМГ акционерлеріне дивидендтер төлеуге 350 млрд теңге бөлу;
  • 722 млрд теңге сомасын ҚМГ иелігінде қалдыр;
  • 2025 жылға бір жай акцияға дивиденд мөлшері 573,66 теңгені құрайды.

Дивидендтерді төлеу туралы шешімді акционерлер 2026 жылғы 29 мамырда өтетін Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында (АЖЖЖ) бекітуге жатады. Жалпы жиналыс мақұлдаған жағдайда, 2025 жылғы дивидендтерді төлеу 2026 жылғы 5 маусымда акционерлер тізілімінде 2026 жылғы 30 мамырдағы жергілікті уақыт бойынша 00:00 (GMT+5) тіркелген акционерлерге төленеді.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі ақпарат орналастырылды – толығырақ

Орыс тіліндегі ақпарат орналастырылды – толығырақ

Ағылшын тіліндегі ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2026-05-14]