"ForteBank" АҚ акционерлеріне орналастырылатын жай акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алу туралы ұсыныс
/KASE, 14.05.26/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1 мекенжайы бойынша орналасқан "ForteBank" акционерлік қоғамы (Мемлекеттік қайта тіркеу туралы 2015 жылғы 10 ақпандағы анықтама) (бұдан әрі – Банк) осы арқылы Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 16-бабына сәйкес, өз акционерлеріне олардың жай акцияларды сатып алуға басым құқығына сәйкес, шығарылымын Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2015 жылғы 19 наурыздағы № A4031 нөмірімен тіркеген, Банктің орналастыратын жай акцияларын (ISIN KZ000A0F4546) сатып алуды ұсынады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 253 қаулысында бекітілген Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен иелену құқығын іске асыру қағидаларын бекіту туралы және одан бас тарту қағидаларының талаптарын орындау мақсатында Банк өз акционерлеріне келесі ақпаратты хабарлайды:
1. Сатылатын бағалы қағаздардың саны мен түрі – Банктің 4 168 359 147 жай акциясы.
2. Орналастырылған (қоғамның сатып алған акцияларын шегергенде) жай акциялар санының сатылатын жай акциялар санына қатынасы – 22,12 : 1 (бұдан әрі – коэффициент). Акционерлердің басым сатып алу құқығы шеңберінде сатып алуға құқылы акцияларының саны тізілім тіркелген күні олардың меншігіндегі жай акциялар санын коэффициентке бөлу арқылы айқындалады. Сатып алуға жататын үлесті есептеу кезінде бөлшек мәндер бүтін санға дейін аз жағына қарай дөңгелектенеді.
3. Сатылатын жай акцияларды сатып алуға басым құқығы бар акционерлер тізімі "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінің деректері негізінде 2026 жылғы 12 мамыр күні 00 сағат 00 минутта (бұдан әрі – "Тізілімді тіркеу күні") тіркелді".
4. Акционер сатып алудың басым құқығына сәйкес сатылатын жай акцияларды сатып алуға өтінім бере алатын мерзім осы ұсыныс жарияланған күннен кейін күнтізбелік 30 күнді (2026 жылғы 12 маусымды қоса алғанда) құрайды (бұдан әрі – "Мерзім").
5. Сату бағасы – Банктің 1 жай акциясы үшін 12,80 теңге (бұдан әрі – "Сату бағасы"). Сату бағасы осы сату шегінде Банктің жай акцияларын сатып алатын барлық тұлға үшін бірыңғай болып табылады.
дәйексөздің соңы
Қазақ және орыс тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ
[2026-05-14]