Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
2026 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстан қор биржасында корпоративтік облигациялармен жасалған сауда-саттық көлемі 1,5 трлн теңге болды
/KASE, 13.05.26/ – 2026 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстан қор биржасында (KASE) корпоративтік облигациялармен жасалған сауда-саттық көлемі 1 549,5 млрд теңге болып, 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 69,1 %-ға өсті.
2025 жылдың төрт айлық (қыркүйек-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда, сауда-саттық көлемі 46,4 %-ға азайды.
Төмендегі кестеде биржалық нарықтың осы секторында 2026 жылдың тисті кезеңінде жасалған сауда-саттық көлемі (млрд теңге), сондай-ақ 2025 жылдың салыстырмалы деректері (қайталама нарық секторында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер жасалуы мүмкін) көрсетілген.
-------------------------------------- Жыл, Бастапқы Қайталама ай нарық нарық* Барлығы* ---------- -------- --------- -------- 2026, I 59,2 55,5 114,7 2026, II 276,9 79,7 356,6 2026, III 299,1 45,9 345,0 2026, IV 580,4 152,9 733,3 ---------- -------- --------- -------- Барлығы 1 215,5 334,0 1 549,5 ---------- -------- --------- -------- 2025, I-IV 642,2 273,9 916,1 тренд, % +89,3 +21,9 +69,1 -------------------------------------- * репо операциялары нарығындағы мәмілелерді қоспағанда.
[2026-05-13]