KZ
RU
EN
23 мамыр 2026, 03:22
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.05.2026 15:57 #Корпоративтік уақиғалар

"ForteBank" АҚ Директорлар кеңесі банктің жарғылық капиталын ұлғайту туралы шешім қабылдады

/KASE, 12.05.26/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) келесіні хабарлады:

дәйексөз басы

"ForteBank" АҚ 2026 жылғы 12 мамырда Банктің Директорлар кеңесі жарияланған акциялар саны шегінде 4 168 359 147 жай акцияны орналастыру туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

Шешім Банктің бизнесін одан әрі дамыту, оның қызмет ауқымын кеңейту және капиталдық базаны нығайту мақсатында қабылданды. Капиталды ұлғайту Қазақстан экономикасының орнықты өсуінің негізін құрайтын бағыт – бизнесті кредиттеуді кеңейтуге мүмкіндік береді.

Артықшылықпен сатып алу құқығы бар акционерлердің тізімін "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ Директорлар кеңесі шешім қабылдаған күн – 2026 жылғы 12 мамырдағы жай-күйі бойынша қалыптастырды.

Акционерлер орналастыру туралы хабарлама берілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде акцияларды сатып алуға өтінім беруге құқылы. Сатып алынатын акциялар үшін төлем өтінім берілген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жасалады. Артықшылықпен сатып алу рәсімі нәтижесінде сатылмай қалған акциялар белгіленген сату бағасы бойынша ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта орналастырылады.

дәйексөз соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қзақ және орыс тілдеріндегі толық нұсқасы – толығырақ

[2026-05-12]