12 мамырда KASE-де есеп айырысуы 14 мамырда жүргізілетін KZKD00000725 (MUM300_0001) МЕУКАМ-ды орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 12.05.2026/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) сауда-саттық жүйесінде есеп айырысуы 2026 жылғы 14 мамырда жүргізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) KZKD00000725 (MUM300_0001) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE осы хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 54 600 925 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесім бағансын номиналдан 60,2912 % деңгейінде (кірістілігі – жылдық 15,10 %) белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдан 60,6280 % болды (кірістілігі – жылдық 15,01 %).
Астана қ. уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде осы бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады.
KASE-нің "Бүгін KASE-де есеп айырысуы 14 мамырда жүргізілетін және өтеуге дейінгі мерзімі 12,6 жыл болатын KZKD00000725 (MUM300_0001) МЕУКАМ-ды орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда- саттық өткізіледі" атты жаңалығы толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2026-05-12]