KZ
RU
EN
12 мамыр 2026, 13:53
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.05.2026 11:10 #Сауда-саттық ақпараты

"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ 29 сәуірде 10-жылдық XS3366268384 (KZTGe2) халықаралық облигацияларын орналастыра отырып, KASE-де жазылу арқылы $81,8 млн тартты

/KASE, 12.05.26/ – Бұрын хабарланғандай, 2026 жылғы 29 сәуірде "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) сауда-саттық жүйесінде "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ-тың XS3366268384 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZTGe2) халықаралық облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Төменде сұраным параметрлері мен KASE- дегі жазылу нәтижесі көрсетілген.

KASE-де осы облигацияларға жазылуды өткізген кезде қазақстандық жетекші менеджер және ұйымдастырушы ретінде "Halyk Finance" АҚ әрекет етті.

Ко-менеджер Freedom Broker болды.

---------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                    
----------------------------------------------- ---------
Қатысушы саны:                                  4        
Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді):        18 / 7   
оның ішінде:                                             
– шектелімді:                                   17 / 6   
– нарықтық:                                     1 / 1    
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн АҚШ доллары,    91,9     
оның ішінде:                                             
– шектелімді:                                   91,7     
– нарықтық:                                     0,2      
---------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте
  сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған, оған          
  қоса Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.     

Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 87,1 % банктердің, 3,3 % брокерлік- дилерлік ұйымдардың, 9,5% өзге институционалдық инвесторлардың, 0,2% басқа жеке адамдардың үлесіне тиеді.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:

------------------------------------------------------- ------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация саны: 83 400 000  
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, АҚШ доллары:       81 840 420,0
Қанағаттандырылған өтінімдердің саны:                   5           
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:         3           
Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге кірістілігі,    5,8750      
жылдық %                                                            
Түпкілікті купондық мөлшерлеме, жылдық %:               5,625       
--------------------------------------------------------------------

Орналастырған кезде инвесторлардың негізгі санаттары ішінде облигациялардың жалпы көлемінің 95,9%-ын банктер, 3,6 %-ын брокерлік- дилерлік ұйымдар, 0,2 %-ын басқа институционалдық ұйымдар, 0,2%-ын басқа жеке адамдар сатып алған.

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ дерегіне сәйкес KASE-нің көрсетілген облигацияларына жазылым нәтижесі бойынша осы ақпаратты жариялаған сәтте мәмілелер бойынша толық есеп айырысу жүргізілген, жазылым аяқталды.

[2026-05-12]