KZ
RU
EN
13 мамыр 2026, 15:54
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.05.2026 18:22 #Корпоративтік уақиғалар

"Halyk Finance" АҚ "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың еурооблигацияларының сәтті орналастырылғанын хабарлайды

/KASE, 08.05.26/ – "Halyk Finance" АҚ (KASE тикері – HFIN) төмендегіні хабарлады:

дәйексөздің басы

Halyk Finance "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың айналыс мерзімі 7 жыл болатын, номиналды көлемі 500 миллион АҚШ долларын құрайтын еурооблигацияларының сәтті орналастырылғанын хабарлайды.

Өтінімдер кітабы 2026 жылғы 28 сәуірде ашылды. Мәміле бойынша есеп айырысу 2026 жылғы 06 мамырда жүргізілді. Halyk Finance "Бәйтерек" ҰБХ еурооблигациялары шығарылымының жергілікті ұйымдастырушысы болды.

Қазақстан Республикасының аумағында өтінім жинау "Қазақстан қор биржасы" АҚ-та (KASE) жазылу арқылы жүргізілді.

Еурооблигацияларды орналастыру халықаралық және қазақстандық инвесторлар тарапынан жоғары сұраныспен қатар жүріп, ұсыныстан 1,6 еседен астам асты. Нәтижесінде өтеуге дейінгі кірістіліктің түпкілікті мөлшерлемесі жылдық 5,375 %, купондық мөлшерлеме жылдық 5,2 % болды.

"Бәйтерек" ҰБХ еурооблигацияларын орналастыру қорытындысы бойынша KASE-де жазылу арқылы өтінім берген инвесторлардың өтінімдері 18 млн АҚШ доллары номиналды көлемінде қанағаттандырылды.

"Бәйтерек" ҰБХ еурооблигациялары KASE-де және Вена қор биржасында (Vienna MTF) листингіден өтті.

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-05-08]