12 мамырдан бастап KASE-де екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 08.05.2026/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2026 жылғы 12 мамырдан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режімдерінде репо операциялары бойынша мынадай жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылатыны туралы хабарлайды:
1) US02079K1079 (KASE "KASE Global" секторы, GOOG_KZ) ALPHABET INC., есеп айырысуы 2026 жылғы 08 маусымға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер бойынша; сауда-саттық 2026 жылғы 10 маусымнан бастап қайта басталады;
2) US70450Y1038 (KASE "KASE Global" секторы, PYPL_KZ) PayPal Holdings Inc., есеп айырысуы 2026 жылғы 04 маусымға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер бойынша; сауда-саттық 2026 жылғы 08 маусымнан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес аталған акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы KASE-де ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2026-05-08]