"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 28 сәуірде жетіжылдық XS3358410002 (BTRKe6) халықаралық облигацияларын орналастыра отырып, KASE-де жазылу арқылы $17,8 млн тартты
/KASE, 08.05.26/ – Бұрын хабарланғандай, 2026 жылғы 28 сәуірде "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-тың XS3358410002, US05709XAA81 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKe6) халықаралық облигацияларын оларға жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Төменде сұраным параметрлері мен KASE-дегі жазылу нәтижесі көрсетілген.
Осы облигацияларға жазылу жүргізу барысында KASE-де бірлескен жетекші менеджер және букраннер ретінде "Halyk Finance" АҚ әрекет етті.
------------------------------------------------------------------------ СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ: ------------------------------------------------------- ---------------- Қатысушы саны: 4 Берілген өтінім саны (барлығы/белсенді): 10 / 5 оның ішінде: – шектелімді: 8 / 4 – нарықтық: 2 / 1 Белсенді өтінімдер көлемі*, млн АҚШ доллары, 18,0 оның ішінде: – шектелімді: 17,0 – нарықтық: 1,0 ------------------------------------------------------------------------ * белсенді өтінімдер – өтінім беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа қатысушылар күшін жоймаған өтінімдер; оның ішінде Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 83,3% банктердің үлесіне, 16,7% басқа институттық инвесторлардың үлесіне тиеді.
ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ:
------------------------------------------------------- ------------ Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, облигация саны: 18 000 000 Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, АҚШ доллары: 17 818 200,0 Қанағаттандырылған өтінімдердің саны: 5 Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны: 4 Сатып алушы үшін облигациялардың өтеуге кірістілігі, 5,3750 жылдық % Түпкілікті купондық мөлшерлеме, жылдық %: 5,20 --------------------------------------------------------------------
Орналастырған кезде инвесторлардың негізгі санаттары ішінде жалпы көлемнің 83,3 %-ын банктер, 16,7 %-ын басқа институционалдық инвесторлар сатып алды.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ дерегіне сәйкес KASE-нің көрсетілген облигацияларына жазылым нәтижесі бойынша осы ақпаратты жариялаған сәтте мәмілелер бойынша толық есеп айырысу жүргізілген, жазылым аяқталды.
[2026-05-08]