KZ
RU
EN
9 мамыр 2026, 02:52
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.05.2026 10:44 #Сауда-саттық ақпараты

2026 жылғы сәуірдегі KASE акциялар нарығын шолу

/KASE, 08.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша акциялар нарығына қысқаша шолу ұсынады.

2026 жылғы сәуірдің соңындағы жағдай бойынша KASE-нің сауда-саттық тізімдерінде 76 эмитенттің 89 атаудағы акциялары болды, олардың ішінде екі эмитенттің екі атаудағы акциясы "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналымға жіберілген.

2026 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша акциялар нарығының капитализациясы 47,1 трлн теңге ($102,1 млрд) болды, бұл алдыңғы айдың көрсеткішінен 0,8 трлн теңгеге немесе 1,7 % жоғары.

------------------------------------------------------------
                        2026 жылғы 2026 жылғы               
                          30 сәуір  31 наурыз         Δ Δ, %
----------------------- ---------- ---------- --------- ----
Капитализация, млрд KZT  47 145,23  46 343,00   +802,23 +1,7
Капитализация, млн USD  102 145,44  96 239,15 +5 906,29 +6,1
------------------------------------------------------------

2026 жылғы сәуірде акциялармен жасалған сауда-саттық көлемі 94,1 млрд теңге болып, наурызға қарағанда 3,3 есе немесе 65,4 млрд теңгеге ұлғайды. 1 күнде жасалған сауда-саттықтың орташа көлемі 4,3 млрд теңге, мәмілелердің орташа күндік саны 8 685, бір мәміленің орташа көлемі 492,3 мың теңге болды. Сәуірде акциямен сауда-саттық тек қайталама нарықта жүргізілді.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде жеке тұлғалар белсенділік танытты, олардың үлесі акциялармен жасалған сауда-саттықтың брутто-айналымының 42,1%, банктердің үлесі 0,8 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесі 16,1%, басқа институттық инвесторлардың үлесі 2,5%, басқа заңды тұлғалардың үлесі 38,6% болды. Бейрезиденттердің үлесі – 10,6%.

Сәуірде KASE Индексінің мәні 1,4% өсіп, айдың соңында 7 842,91 тармақты құрады.

Индекстік акциялармен жасалған мәміле көлемі 2026 жылдың сәуірінде 91,9 млрд теңгені құрады, бұл наурыздағы көрсеткіштен 66,1 млрд теңгеге көп. Сауда-саттықтың ең көп көлемі "Қазақтелеком" АҚ-тың жай акцияларымен жасалып, көлемі 49 млрд теңге (индекстік акциялармен жасалған сауда-саттықтың жалпы көлемінің 53,3%) болды.

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
                                                  Соңғы мәміленің бағасы,       Сауда-саттық көлемі, Капитализация*,
                                                  бір акция үшін теңгемен                  млн теңге      млрд теңге
          Free       Үлесі  --------------------------------------------- -------------------------- ---------------
         float, индекстегі,                              01.01.26 бастап,                                           
              %          %* 2026 жылғы 2026 жылғы   Δ, %             Δ, %     сәуір    наурыз   Δ, %       30.04.26.
                              30 сәуір  31 наурыз                                                                   
-------- ------ ----------- ---------- ---------- ------ ---------------- --------- --------- ------ ---------------
KSPI       33,5        14,8  39 950,00  35 350,00 +13,01            -1,09  1 737,50  1 445,58 +20,19        7 611,87
KZAP       25,9        14,2  40 349,00  37 920,00  +6,41           +43,80  3 509,94  3 225,35  +8,82       10 356,70
KEGC       15,0         2,8   1 499,00   1 457,87  +2,82            -3,60  1 191,47    803,45 +48,29          411,06
HSBK       38,0        14,4     391,34     380,79  +2,77            +5,31  7 613,33  4 861,31 +56,61        4 272,22
CCBN       48,2        14,2   4 541,00   4 550,01  -0,20            -2,55  2 856,22  1 876,63 +52,20          792,71
KMGZ        2,6        19,1  30 900,00  31 700,00  -2,52           +42,27 14 515,69  6 140,85   x2,4       18 585,85
KZTK       19,2         4,0  42 970,98  44 325,00  -3,05            -0,97 48 962,21    811,42  x60,3          460,83
KCEL       34,1        10,0   3 237,00   3 339,51  -3,07            -4,32  1 360,80    945,27 +43,96          645,13
AIRA       41,8         4,5     669,01     714,02  -6,30           -26,48  4 668,53  1 434,77   x3,3          237,40
KZTO       10,0         1,9   1 111,91   1 248,01 -10,91           +17,04  5 436,92  4 224,39 +28,70          424,79
KASE          –           –   7 842,91   7 734,60   +1,4            +11,5 91 852,60 25 769,02   x3,6               –
индексі                                                                                                             
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
* артықшылықты акциялар есебімен компаниялардың капитализациясы

[2026-05-08]