08 мамырдан бастап KASE-де екі атаудағы жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 06.05.2026/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2026 жылғы 08 мамырдан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режімдерінде репо операциялары бойынша төменде көрсетілген жай акциялармен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды:
1) US6541061031 (KASE "KASE Global" секторы, NKE_KZ) NIKE, Inc., есеп айырысуы 2026 жылғы 01 маусымға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер бойынша; сауда-саттық 2026 жылғы 03 маусымнан бастап қайта басталады;
2) US0378331005 (KASE "KASE Global" секторы, AAPL_KZ) Apple Inc., есеп айырысуы 2026 жылғы 11 мамырға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер бойынша; сауда-саттық 2026 жылғы 13 мамырдан бастап қайта басталады.
Сонымен қатар орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режімдерінде репо операциялары бойынша есеп айырысуы 2026 жылғы 01 шілдеге және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер бойынша төменде көрсетілген ETF-термен сауда-саттықты тоқтату мерзімі ұзартылды; сауда- саттық 2026 жылғы 03 шілдеден бастап қайта басталады:
3) US4642872422 (KASE "KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF;
4) US4642885135 (KASE "KASE Global" секторы, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF;
5) US4642895118 (KASE "KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF;
6) US78468R6633 (KASE "KASE Global" секторы, BIL_KZ) STATE STREET SPDR BLOOMBERG 1-3 MON;
7) US74347G1849 (KASE "KASE Global" секторы, BITI_KZ) ProShares Short Bitcoin ETF;
8) US74349Y5713 (KASE "KASE Global" секторы, ETHT_KZ) ProShares Ultra Ether ETF;
9) US74347G4405 (KASE "KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF.
Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес аталған бағалы қағаздар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы KASE-де ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2026-05-06]