"Қазақстан Халық Банкі" АҚ қазақстандық (елдік) корпоративтік басқару кодексін сақтайтынын хабарлады
/KASE, 06.05.26/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) мынадай ақпаратты хабарлады:
дәйексөздің басы
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) ... Банктің Үлгілік кодекс* қағидаттарының сақталуын бағалау жүргізгенін және Үлгілік кодекс қағидаттарының жалпы санының 95,0 %-ы сақталатыны туралы қорытындыға келгенін растайды. 2021 жылдан бастап Үлгілік кодекс қағидаттарын сақтау деңгейінің 85,5 %-дан 95,0 %-ға дейін оң динамикасы байқалады.
Банк корпоративтік басқару жүйесін дамыту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде, атап айтқанда: корпоративтік басқару жүйесіне тұрақты даму (ESG) қағидаттары мен саясаттары енгізілуде, алқалы органдардың жұмысын автоматтандыру бойынша жоба іске асырылды, Банктің Директорлар кеңесі жанындағы комитеттер трансформацияланды, Банктің негізгі жұмыскерлерін ұзақ мерзімді ынталандыру бағдарламасы енгізілді, Банк тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың тиімді жүйесіне ие, ішкі аудит, тәуекел-менеджмент, комплаенс қызметі және корпоративтік хатшы жұмыскерлерінің біліктілігін тұрақты түрде арттырып отырады.
* Үлгілік кодекс – Қазақстан Республикасының корпоративтік басқару кодексі (Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Атамекен" Президиумының 2021 жылғы 27 сәуірдегі №4 шешімімен мақұлданған).
дәйексөздің соңы
Баспасөз релизінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-05-06]