KZ
RU
EN
5 мамыр 2026, 22:47
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.05.2026 18:34 #Сауда-саттық ақпараты

Қазақстан Қаржы министрлігі 05 мамыр күні Қазақстан қор биржасында 46,0 млн МЕТИСКАМ KZKF00000020 (MTC048_0002) купонның ттияняқталған бөлігі 1,02 %-бен орналастырды

/KASE, 05.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 05 мамырында KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік, TONIA Compounded Index индексіне индекстелген (TONIA TCI), қазынашылық міндеттемелерін (МЕТИСКАМ) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттықтың екі сессиясының (орналастыру және қосымша орналастыру бойынша) төменде келтірілген шарттарда (Астана қ. уақыты) өткенін хабарлайды.

-------------------------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                                          
--------------------------------------------------------- ---------------------
Қатысушылар саны:                                         5                    
Берілген өтінімдер саны (барлығы/белсенді),               14 / 14              
оның ішінде:                                                                   
– шектелімді:                                             14 / 14              
– нарықтық:                                               0 / 0                
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге,                    72 000,0             
оның ішінде:                                                                   
– шектелімді:                                             72 000,0             
– нарықтық:                                               0,0                  
Сұранымға өтінім:                                         144,0 %              
Берілген өтінімдер бойынша купонның тиянақталған бөлігі % (барлығы / белсенді):
– минималды                                               1,0000               
– максималды                                              1,6000               
– орташа сараланған                                       1,0604               
-------------------------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдер беру кезеңі аяқталған сәтте сауда-саттыққа    
  қатысушылар жоймаған, соның ішінде Растау жүйесінің қатысушылары              
  растаған өтінімдер.                                                           

ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ:

-------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, облигациялар: 46 000 000      
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:     46 000 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                 6               
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар саны:    4               
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, жоспардан %:  92,0            
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі, сұранымнан %: 63,9            
Қанағаттандырылған өтінімдердегі купонның          1,02            
тиянақталған бөлігі, %                                             
-------------------------------------------------------------------

Осы орналастыру бойынша есептесулер 2026 жылдың 08 мамырында (Т+2 сызбасы бойынша) жүзеге асырылады. Бүгінгі аукционда сатылған МЕКАМ мәмілелер бойынша міндеттемелер орындалған күннен кейінгі келесі жұмыс күні кестеде көрсетілген сауда-саттық кодымен KASE қайталама нарығында айналысқа жіберілетін болады. Бұл ретте облигациялар KASE сауда-саттық жүйесінде таза бағамен белгіленуі тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың 04 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында бастапқы дилерлер институтын іске қосты. Негізгі дилерлер "Банк ЦентрКредит" АҚ, "Еуразиялық банк" АҚ, "Kaspi Bank" АҚ, "ForteBank" АҚ және "Қазақстан Халық Банкі" АҚ болып анықталды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

--------------------------------------------- -----------------------------
Сауда-саттық күні:                            05.05.26                     
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 50 000                       
Сауда-саттық мәні:                            купонның тиянақталған бөлігі 
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру           нарықтық сұранысқа қарай     
дәрежесі,%:                                   0-ден 100-ге дейін           
Өтінім беру тәсілі:                           жабық                        
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                  09:00–12:00                  
Өтінімдерді растау уақыты:                    09:00–12:00                  
Кесімдеу күні және уақыты:                    05.05.26, 15:00              
Төлеу күні:                                   08.05.26                     
Қарсылама шектелімді өтінімдерді              қарсылама өтінімдердің       
қанағатандыру тәсілі:                         көлеміне пропорционалды      
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:  кесімдеу бағасына тең немесе 
                                              сатушы үшін ұтымдырақ болатын
                                              қарсылама шектелімді         
                                              өтінімдердің бағасы бойынша  
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:    қарсылама өтінімдердің       
                                              көолеміне пропорционалды     
Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:             орташа сараланған баға       
                                              бойынша                      
---------------------------------------------------------------------------

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығару, орналастыру, айналысқа шығару, оларға қызмет көрсету және өтеу ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелері толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат ссылке толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-05-05]