KZ
RU
EN
14 мамыр 2026, 18:51
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.05.2026 17:10 #Қаржы құралдары

06 мамырдан бастап KASE-де Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002319 (ZKK120_231) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 05.05.26/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2026 жылғы 06 мамырдан бастап KASE-де Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002319 (KASE "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK120_231) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылатыны туралы хабарлайды.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Қаржы басқармасының 2026 жылғы 06 сәуірдегі аталған облигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеу туралы хаты негізінде тоқтатылды.

[2026-05-05]