06 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында екі атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 05.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 06 мамырынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша мынадай бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 29 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін, The Global X Uranium ETF US37954Y8710 ("KASE Global" секторы, URA_KZ) ETF, сауда саттық 2026 жылдың 01 шілдесінен бастап қайта басталады;
2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін, Exxon Mobil Corporation US30231G1022 ("KASE Global" секторы, XOM_KZ) жай акциялары, сауда саттық 2026 жылдың 18 мамырынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-05-05]