KZ
RU
EN
6 мамыр 2026, 22:23
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.05.2026 10:23 #Қаржы құралдары

05 мамырдан бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00017911 (BTRKb32) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 05.05.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 28 сәуірінде "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ (Астана) KZ2C00017911 (BTRKb32; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 370 күн; купон айналым мерзімінің соңында бір рет төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; actual/365) облигацияларын негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 05 мамырынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 25 сәуірінде 2,0 трлн теңге сомасында тіркелген "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ 10-шы облигациялық бағдарламасы шеңберінде 15-ші болып табылады.

"Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Halyk Finance" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-05-05]