KZ
RU
EN
4 мамыр 2026, 17:29
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
04.05.2026 15:32 #Қаржы құралдары

05 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында төрт атаудағы жай акциялармен сауда саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 04.05.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 05 мамырынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша мынадай жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 08 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін, US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ) American Electric Power Company, Inc., сауда саттық 2026 жылдың 12 мамырынан бастап қайта басталады;

2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 13 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін, US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) ConocoPhillips, сауда саттық 2026 жылдың 13 мамырынан бастап қайта басталады;

3) есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін, US1912161007 ("KASE Global" секторы, KO_KZ) The Coca-Cola Company, сауда саттық 2026 жылдың 17 маусымынан бастап қайта басталады;

4) есеп айырысу күні 2026 жылдың 10 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін, US6745991058 ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) Occidental Petroleum Corp., сауда саттық 2026 жылдың 12 маусымынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-05-04]