Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Teniz Capital Investment Banking" АҚ акционерлері қоғамның жай акциялары бойынша 2025 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 04.05.26/ – "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (KASE тикері – TCIB) 2026 жылдың 27 сәуірінде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- қоғамның 2025 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
- қоғамның жай акциялары бойынша 2025 жылға бір акцияға 471 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2026-05-04]