KZ
RU
EN
1 мамыр 2026, 00:37
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.04.2026 18:03 #Сауда-саттық ақпараты

05 мамырда KASE-де есеп айырысуы 08 мамырда өтетін және айналыс мерзімі 4,0 жыл болатын KZKF00000020 (MTC048_0002) МЕТИСКАМ орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

/KASE, 30.04.26/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2026 жылғы 05 мамырда KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің TONIA Compounded Index (TONIA TCI) индексіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін (МЕТИСКАМ) орналастыру бойынша төменде келтірілген шарттарда мамандандырылған сауда-саттық өтетінін хабарлайды (уақыт Астана қ.).

--------------------------------------------------------------------------
KASE сауда-саттық коды:                       MTC048_0002                 
Бағалы қағаз түрі:                            МЕТИСКАМ                    
ISIN:                                         KZKF00000020                
Номиналды құны, теңге:                        1 000,00                    
Айналыстағы облигациялардың мөлшері, дана:    –                           
Айналыс басталған күн:                        облигацияларды              
                                              орналастыру бойынша         
                                              өткізілген сауда-саттық     
                                              нәтижесі бойынша есеп       
                                              айырысу күні                
Айналыста болатын соңғы күн:                  кейінірек анықталады        
Өтелетін күн:                                 кейінірек анықталады        
Айналыс мерзімі, жыл (күн):                   4 жыл (1 460 күн)           
Купондық мөлшерлеме:                          Бекітілген купон + TONIA TCI
Купон төленетін кезең:                        жылына 2 рет                
Купон төлеу басталатын күн:                   кейінірек анықталады        
Уақыт базасы:                                 actual / 365                
--------------------------------------------- ----------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:                 05.05.26                    
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 50 000,0                    
Сауда-саттық  мәні:                           Бекітілген купонның мәні    
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру           нарықтағы сұранысқа         
дәрежесі,%*:                                  байланысты 0-ден 100-ге     
                                              дейін                       
Өтінім беру тәсілі:                           жабық                       
Өтінім қабылданатын уақыт:                    09:00–12:00                 
Өтінім расталатын уақыт:                      09:00–12:00                 
Кесім жүргізілетін күн және уақыт:            05.05.26, 15:00             
Төлем жасалатын күн:                          08.05.26                    
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:  кесім бағасы бойынша        
Қарсылама шектелімді тінімдерді қанағатандыру қарсы өтінімдердің          
тәсілі:                                       көлеміне пропорционалды     
                                              түрде                       
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:    кесім бағасы бойынша        
--------------------------------------------------------------------------
* Сауда-клиринг жүйелерінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағидаға 
  сәйкес нарықтық өтінім беру сауда-саттыққа бір қатысушыға нарықтық 
  өтінімдерді берудің рұқсат етілген пайызын қамтамасыз ету мақсатында 
  сауда-саттыққа қатысушы шектелімді өтінімдерді бергеннен кейін ғана 
  мүмкін болады; бұл ретте, егер сауда-саттыққа бір қатысушыға нарықтық 
  өтінімдердің рұқсат етілген пайызы бұзылса, шектелімді өтінімді алып 
  тастауға тыйым салынады.

Өтінім бағасы ретінде бекітілген бекітілген купонның мәнін үтірден кейінгі екінші белгіге дейін көрсетілген пайызбен көрсету керек. Дәл осы көрсеткіш сауда-саттық мәніболып табылады.

Осы орналастыру бойынша есеп айырысу Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүргізу үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын (сауда-саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінім қанағаттандырылуы тиіс деген болжамға сүйене отырып) қамтамасыз етуге міндетті.

Толық көлемде немесе берілген өтінімдердің бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ереженің мәтіні толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Сауда-клиринг жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида толығырақ бойынша жарияланған.

[2026-04-30]