KZ
RU
EN
1 мамыр 2026, 00:08
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.04.2026 17:59 #Сауда-саттық ақпараты

05 мамырда KASE-де есеп айырысуы 08 мамырда жүргізілетін және айналыс мерзімі 365 күн болатын KZK100000449 (MKM012_0163) МЕККАМ орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтеді

/KASE, 30.04.26/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2026 жылғы 05 мамырда KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқамерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕККАМ) орналастыру бойынша төменде келтірілген шарттарда мамандандырылған сауда-саттық өтетінін (уақыт Астана қ.) хабарлайды.

-----------------------------------------------------------------------
KASE сауда-саттық коды:                       MKM012_0163              
Бағалы қағаз түрі:                            МЕККАМ                   
ISIN:                                         KZK100000449             
Номиналды құны, теңге:                        100,00                   
Айналыстағы облигациялардың мөлшері, дана:    –                        
Айналыс басталған күн:                        орналастыру бойынша      
                                              өткізілген алғашқы сауда-
                                              саттық нәтижелері бойынша
                                              есеп айырысу күні        
Айналыста болатын соңғы күн:                  кейінірек анықталады     
Өтелетін күн:                                 кейінірек анықталады     
Айналыс мерзімі:                              365 күн                  
Уақыт базасы:                                 actual / actual          
--------------------------------------------- -------------------------
Сауда-саттық өткізілетін күн:                 05.05.26                 
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 50 000,0                 
Сауда-саттық мәні:                            "таза" баға              
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру           нарықтағы сұранысқа      
дәрежесі,%*:                                  байланысты 0-ден 100-ге  
                                              дейін                    
Өтінім беру тәсілі:                           жабық                    
Өтінім қабылданатын уақыт:                    09:00–12:00              
Өтінім расталатын уақыт:                      09:00–12:00              
Кесім жүргізілетін күн және уақыт:            05.05.26, 15:00          
Төлем жасалатын күн:                          08.05.26                 
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:  бір баға бойынша бөліп   
                                              жіктеу;                  
Қарсылама шектелімді                          қарсы өтінімдердің       
өтінімдерді қанағатандыру тәсілі:             көлеміне пропорционалды  
                                              түрде                    
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:    бір баға бойынша бөліп   
                                              жіктеу                  
-----------------------------------------------------------------------
* Сауда-клиринг жүйелерінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағидаға 
  сәйкес нарықтық өтінім беру сауда-саттыққа бір қатысушыға нарықтық 
  өтінімдерді берудің рұқсат етілген пайызын қамтамасыз ету мақсатында 
  сауда-саттыққа қатысушы шектелімді өтінімдерді бергеннен кейін ғана 
  мүмкін болады; бұл ретте, егер сауда-саттыққа бір қатысушыға нарықтық 
  өтінімдердің рұқсат етілген пайызы бұзылса, шектелімді өтінімді алып 
  тастауға тыйым салынады.

Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнының пайызы түрінде көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған мүддені есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс. Дәл осы көрсеткіш сауда-саттық мәніболып табылады.

Осы орналастыру бойынша есеп айырысу Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүргізу үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын (сауда-саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінім қанағаттандырылуы тиіс деген болжамға сүйене отырып) қамтамасыз етуге міндетті.

Толық көлемде немесе берілген өтінімдердің бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ереженің мәтіні толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Сауда-клиринг жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2026-04-30]