Екі облыстың әкімдіктері 30 сәуірде KASE-де 13,1 млрд теңге тартты
/KASE, 30.04.2026/ – Бүгін "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдардың бес облигациялар шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.
Мамандандырылған сауда-саттық нәтижеcі бойынша мынадай облигациялар орналастырылды:
1) KZMJ00003051 (KGK120_305; 1 000 теңге, 2 500 000 000 теңге; 30.04.26 – 30.04.36; жылдық купон, жылдық 14,76 %; 30/360), Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органы, жалпы сомасы 2,5 млрд теңге;
2) KZMJ00003069 (KGK084_306; 1 000 теңге, 1 125 000 000 теңге; 30.04.26 – 30.04.33; жылдық купон, жылдық 14,76 %; 30/360) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органы, жалпы сомасы 1,1 млрд теңге;
3) KZMJ00003077 (KGK120_307; 1 000 теңге, 375 000 000 теңге; 30.04.26 – 30.04.36; жылдық купон, жылдық 14,76 %; 30/360) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органы, жалпы сомасы 0,4 млрд теңге;
4) KZMJ00003085 (KGK084_308; 1 000 теңге, 7 500 000 000 теңге; 30.04.26 – 30.04.33; жылдық купон, жылдық 14,76 %; 30/360) Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органы, жалпы сомасы 7,5 млрд теңге;
5) KZMJ00003093 (JTK024_309; 1 000 теңге, 3 000 000 000 теңге; 30.04.26 – 30.04.28; жартыжылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) Жетісу облысының жергілікті атқарушы органы, жалпы сомасы 1,6 млрд теңге.
Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының аталған облигациялары ағынды суларды тазарту құрылыстары кешендерін, жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салу және жаңғырту (қайта жаңарту, күрделі жөндеу) мақсатында шығарылды.
Жетісу облысының жергілікті атқарушы органының аталған облигациялары тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу объектілерінде тұрғын үйді және (немесе) пәтерлерді салу және (немесе) сатып алу, сатып алу мақсатында шығарылды.
[2026-04-30]