KZ
RU
EN
1 мамыр 2026, 00:37
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.04.2026 16:35 #Қаржы құралдары

04 мамырдан бастап KASE-де екі атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 30.04.2026/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2026 жылғы 04 мамырдан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режімдеріндегі репо операциялары бойынша мынадай бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатылатыны туралы хабарлайды:

1) Franklin FTSE United Kingdom ETF US35473P6786 ETF-і ("KASE Global" секторы, FLGB_KZ), есеп айырысу күні 2026 жылғы 26 маусымға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер бойынша; сауда-саттық 2026 жылғы 29 маусымнан бастап қайта басталады;

2) Ford Motor Company US3453708600 жай акциялары ("KASE Global" секторы, F_KZ), есеп айырысу күні 2026 жылғы 12 мамырға және одан кейінгі күндерге келетін мәмілелер бойынша; сауда-саттық 2026 жылғы 14 мамырдан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, аталған бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы KASE-де ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

[2026-04-30]