30 сәуірден бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "таза емес" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауысуына байланысты" Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00014033 (BTRKb25) облигацияларын алып тастады
/KASE, 30.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 сәуірінен бастап "таза емес" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауысуына байланысты "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00014033 (BTRKb25) облигацияларын негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеу үшін өкілдік тізімнен алып тастады.
2026 жылдың 30 сәуірінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 79 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі.
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-04-30]