KZ
RU
EN
29 сәуір 2026, 17:13
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.04.2026 15:34 #Қаржы құралдары

30 сәуірден бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00014033 (BTRKb25) облигациялары "таза емес" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

/KASE, 29.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 сәуірінен бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00014033 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BTRKb25; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 15.05.25 – 20.05.26; купон айналыс мерзімінің соңында бір рет, жылдық 16,93% төленеді; actual/365) облигациялары "таза емес" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

[2026-04-29]