"HALYK FINANCE" АҚ "QAZAQGAZ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ ДОЛЛАРЛЫҚ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫҢ БАСТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ
/KASE, 29.04.26/ – "Halyk Finance" АҚ бірлескен жетекші менеджер және букраннер ретінде Қазақстан қор биржасына (KASE) мынадай мазмұндағы хабарлама ұсынды:
дәйексөздің басы
БҰЛ ХАБАРЛАМА АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА (БІЛІКТІ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ САТЫП АЛУШЫЛАРДЫ (QIBs) ҚОСПАҒАНДА, ОЛАР ДА БІЛІКТІ САТЫП АЛУШЫЛАР (QPs) БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН, ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ДЕЛДАЛДАР АРҚЫЛЫ, ТОЛЫҒЫМЕН НЕМЕСЕ БІР БӨЛІГІНДЕ, СОНДАЙ-АҚ КАНАДА, АВСТРАЛИЯ НЕМЕСЕ ЖАПОНИЯ АУМАҒЫНДА ШЫҒАРУҒА, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН
ОСЫ ХАБАРЛАМА АДАМДАРДЫҢ БЕЛГІСІЗ ТОБЫ АРАСЫНДА ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН ЖӘНЕ ТЕК "ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ" АҚ МҮШЕЛЕРІНЕ ҒАНА ЖОЛДАНҒАН. ОСЫ ХАБАРЛАМА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ЖАРНАМАСЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ
Осымен "Halyk Finance" АҚ баға бағдарының өзгергені және "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінен шет мемлекеттің заңнамасына (бұдан әрі – еурооблигациялар) сәйкес шығарылатын "QazaqGaz" ҰК" АҚ (Эмитент) облигацияларын бастапқы орналастыруға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың аяқталғаны және соңғы өтеуге кірістілік туралы хабарлайды.
Инвесторлардан барлық өтінімдер KASE-де ASTS+ сауда-клирингілік жүйесі (қор нарығы) (бұдан әрі – сауда-клирингілік жүйе) арқылы қабылданды.
KASE-де сауда-клирингілік жүйе арқылы әлеуетті инвесторлардан өтінімдерді қабылдау еурооблигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастырудың басталуымен бір мезгілде, еурооблигацияларды орналастырудың сол шарттарында (оларды орналастыру бағасын анықтау шарттарын қоса алғанда) оларды шет мемлекеттің аумағында орналастыру кезіндегідей басталады.
Бірлескен Букраннерлер: Citigroup Global Markets Limited және J.P. Morgan.
Бірлескен Букраннерлер: MUFG и Oman Investment Bank
Қазақстандық Жетекші Менеджер: Halyk Finance
Қазақстандық Ко-Менеджер: Freedom Broker
ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
------------------------------------------------------------------------------------------------------
Эмитенттің атауы: "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ
ISIN: XS3366268384
Шығарылымның күтілетін Baa2 (Moody’s) / BB+ (S&P)
рейтингтері:
Эмитенттің рейтингтері: Baa2 (тұрақты) Moody's агенттігінің шкаласы бойынша
BB+ (позитивті) S&P агенттігінің шкаласы бойынша
BB+ (тұрақты) Fitch агенттігінің шкаласы бойынша
Еурооблигациялардың қысқаша ағылшын құқығына сәйкес шығарылатын және 144А
сипаттамасы: Ережесіне ("Rule 144A") және S Ережесіне ("Regulation S")
сәйкес орналастырылатын аға қамтамасыз етілмеген
борыштың еурооблигациялары
Айналым мерзімі: 7 жыл
Қамтамасыз ету: қамтамасыз етілмеген
Еурооблигациялар бойынша кепіл "Интергаз Центральная Азия" АҚ (кепілгер)
Облигациялар бойынша өтеуге инвесторлардың өтінімдерін жинау нәтижелері бойынша
кірістілік: анықталады. Еурооблигациялар бойынша өтеуге
индикативтік кірістілік бағдары – шамамен жылдық 6,375 %
Шығарылымның күтілетін өтінімдерді жинау қорытындысы бойынша анықталады
номиналды көлемі:
Шығарылым валютасы: АҚШ доллары
Есеп айырысу валютасы: еурооблигациялар бойынша барлық есептесулер (бастапқы
орналастыру кезіндегі есептесулерді, купонды және негізгі
борышты төлеуді қоса алғанда) АҚШ долларымен жүзеге
асырылады
Номиналы: 200 000 (екі жүз мың) АҚШ доллары немесе 1000 (бір мың)
АҚШ долларына еселенген үлкен сома
Қолданылатын құқық: Ағылшын құқығы
Листинг: "Қазақстан қор биржасы" АҚ, Astana International Exchange
(AIX) және Vienna MTF
Клирингілік есептесулер: Euroclear / Clearstream / DTC
Нысаналы мақсаты: Эмитенттің кез келген немесе барлық еурооблигацияларын
2027 жылы өтей отырып сатып алу, бұл ретте қалған
қаражат топтың айналым капиталын қаржыландыруды қоса
алғанда, жалпы корпоративтік мақсаттарға бағытталады
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДА САТЫП АЛУҒА ҰСЫНУ ТӘРТІБІ:
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Өтінімдерді қабылдау күні: 29 сәуір 2026 жыл
Өтінімдерді қабылдаудың басталу Алматы қ. уақытымен 14:00
уақыты:
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу Алматы қ. уақытымен 20:00
уақыты:
Инвесторлардың қанағаттандырылған өтінімдерінің 30 сәуір 2026 жыл (Лондон қ. уақытымен)
бағасы мен көлемін анықтаудың
болжамды күні:
Күтілетін есеп айырысу күні: 08 мамыр 2026 жыл
Алғашқы орналастыру кезінде есеп айырысу
АҚШ долларымен жүзеге асырылады
Өтінім бағасы: Жылдық пайызбен көрсетілген өтеуге кірістілік көрсетіледі
("сілтеме"жолағында). Баға ретінде өтінімде 100 мәні
көрсетіледі (тек техникалық мақсаттар үшін). Нарықтық
өтінімдер берілген жағдайда баға ретінде "контрагенттің
бағасы бойынша"көрсетіледі.
Өтінім көлемі: Өтінім көлемі АҚШ долларымен көрсетілуі керек. Өтінімнің
ең төменгі көлемі – 200 000 (екі жүз мың) АҚШ доллары
немесе 1000 (бір мың) АҚШ долларына еселенген үлкен
сома
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
Еурооблигацияларды есептеуді жүргізу шарттары:
Сатып алуға өтінім бере отырып, сауда-саттыққа қатысушы сатып алуға берілген өтінім қанағаттандырылған жағдайда 2026 жылдың 08 мамырында 12:00-ден кешіктірмей (T+5) сауда-саттыққа қатысушының ОК шотына ақшаны одан әрі жеткізумен бірыңғай шектелімді қамтамасыз етуді "KASE Клиринг орталығы" АҚ (бұдан әрі – ОК) бұғаттауына келіседі.
Өтінімдерді қанағаттандыру туралы ақпарат (аллокация) өтінім берген сауда-саттыққа қатысушыларға 2025 жылдың 30 сәуірінде (T+1) KASE сауда-клирингілік жүйесі арқылы берілетін болады.
Сатып алуға берілген өтінім қанағаттандырылған жағдайда, сатып алуға өтінім берген сауда-саттыққа қатысушы 2026 жылдың 08 мамырында 12:00- ден кешіктірмей (T+5) ОД-дағы ОК шотына ақша аударғаны үшін жауапты болады.
Сатып алушының өтінімінде көрсетілген ақпараттың дұрыстығына сатып алушы жауапты болады.
144A форматында еурооблигацияларды сатып алуға өтініш бергісі келетін инвесторлар бірлескен букраннер Citigroup Global Markets Limited және J.P. Morgan-мен тікелей байланысуы керек.
Барлық сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін Halyk Finance өкілдеріне келесі байланыстар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:
Halyk Finance: +7 (727) 339-43-77/88 (ext. 3373, 3448, 3356), ib@halykfinance.kz
ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ("ХАБАРЛАНДЫРУ") АҚПАРАТТЫҚ МЕМОРАНДУММЕН БІРГЕ ҚАРАЛУЫ ТИІС. ХАБАРЛАНДЫРУ МЕН АҚПАРАТТЫҚ МЕМОРАНДУМДА ОРНАЛАСТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАҒАНҒА ДЕЙІН МҰҚИЯТ ЗЕРДЕЛЕУ ҚАЖЕТ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ БАР. ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУДЫҢ НЕМЕСЕ АҚПАРАТТЫҚ МЕМОРАНДУМНЫҢ МАЗМҰНЫНА, СОНДАЙ-АҚ ҚАЖЕТТІ ІС- ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ КҮМӘН ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА, САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚОСА АЛҒАНДА, ӨЗ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢГЕРЛІК КОНСУЛЬТАЦИЯСЫНА СІЗДІҢ БРОКЕРІҢІЗГЕ, БАНК МЕНЕДЖЕРІНЕ, ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТЫНА, БУХГАЛТЕРГЕ НЕМЕСЕ ӨЗГЕ ДЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАРЖЫ КЕҢЕСШІСІНЕ ДЕРЕУ ЖҮГІНУ ҰСЫНЫЛАДЫ. ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ТЕК АҚПАРАТТЫҚ СИПАТТА БОЛАДЫ, ОРНАЛАСТЫРУ ТЕК ҚАНА АҚПАРАТТЫҚ МЕМОРАНДУМ НЕГІЗІНДЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЗАҢНАМАМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ЮРИСДИКЦИЯЛАРДА ҒАНА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ. ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ АҚПАРАТ КОМПАНИЯНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫН САТУ НЕМЕСЕ ОЛАРҒА ЖАЗЫЛУ БОЙЫНША ҚАНДАЙ ДА БІР ҰСЫНЫСТЫҢ НЕМЕСЕ ЖАРНАМАНЫҢ БӨЛІГІ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ҚҰРМАЙДЫ, СОНДАЙ-АҚ МҰНДАЙ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ САТЫП АЛУҒА НЕМЕСЕ ОЛАРҒА ЖАЗЫЛУҒА ШАҚЫРУ НЕМЕСЕ ЫНТАЛАНДЫРУ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ. КОМПАНИЯНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫ 1933 ЖЫЛҒЫ АҚШ – ТЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢЫНА (ӨЗГЕРІСТЕРДІ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП) (БҰДАН ӘРІ - "БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢ") СӘЙКЕС ТІРКЕЛМЕГЕН ЖӘНЕ ТІРКЕЛМЕЙДІ ЖӘНЕ 144A БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІНЕ СӘЙКЕС БІЛІКТІ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ САТЫП АЛУШЫЛАРДЫ (QUALIFIED INSTITUTIONAL BUYERS) ҚОСПАҒАНДА, АҚШ АУМАҒЫНДА ҰСЫНЫЛМАЙДЫ, САТЫЛМАЙДЫ НЕМЕСЕ БЕРІЛМЕЙДІ.
ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ТЕК ҚАНА АҚПАРАТТЫҚ МАҚСАТТАРДА БЕРІЛЕДІ ЖӘНЕ КЕЗ КЕЛГЕН ӨЗГЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА КӨШІРУГЕ НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА ЖАТПАЙДЫ. АТАП АЙТҚАНДА, ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ДА, ОНЫҢ КӨШІРМЕЛЕРІ ДЕ ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ АҚШ, АВСТРАЛИЯ, КАНАДА, ЖАПОНИЯ, ШВЕЙЦАРИЯ, БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІ (ДУБАЙДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫН ҚОСПАҒАНДА), ДУБАЙ, СИНГАПУР ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ АУМАҚТАРЫНА НЕМЕСЕ ОСЫНДАЙ ТАРАЛУ ОРЫН АЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН ӨЗГЕ ЮРИСДИКЦИЯҒА ЖІБЕРІЛМЕЙДІ НЕМЕСЕ ТАРАТЫЛМАЙДЫ БҰЛ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕС ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН ЖАҒДАЙЛАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. ОСЫ ШЕКТЕУЛЕРДІ САҚТАМАУ АҚШ НЕМЕСЕ БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУҒА ӘКЕЛУІ МҮМКІН.
ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ЕШҚАНДАЙ АҚША ҚАРАЖАТЫ, БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НЕМЕСЕ ӨЗГЕ СЫЙАҚЫ СҰРАЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУҒА ЖАУАП РЕТІНДЕ ЖІБЕРІЛГЕН КЕЗ КЕЛГЕН ОСЫНДАЙ ҚАРАЖАТ НЕМЕСЕ СЫЙАҚЫ ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ. ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУДЫ ЖӘНЕ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН ӨЗГЕ ҚҰЖАТТАРДЫ НЕМЕСЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ УӘКІЛЕТТІ ТҰЛҒА 2000 ЖЫЛҒЫ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ "ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ НАРЫҚТАР ТУРАЛЫ" ЗАҢЫНЫҢ 21- БӨЛІМІНІҢ МАҚСАТТАРЫ ҮШІН МАҚҰЛДАМАҒАН (ӨЗГЕРІСТЕРДІ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП). ТИІСІНШЕ, БҰЛ ХАБАРЛАНДЫРУ ТАРАТЫЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ҰЛЫБРИТАНИЯДА КӨПШІЛІККЕ БЕРІЛМЕУІ КЕРЕК.
ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ТЕК ҚАНА МЫНАЛАРҒА ЖОЛДАНҒАН:
(I) ҰЛЫБРИТАНИЯДАН ТЫС ЖЕРДЕ ТҰРАТЫН АДАМДАРҒА;
(II) ИНВЕСТИЦИЯЛАР МӘСЕЛЕЛЕРІНДЕ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕСІ БАР ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КӘСІПҚОЙЛАР ҰЙҒАРЫМЫНА ЖАТАТЫН АДАМДАРҒА (2005 ЖЫЛҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ІЛГЕРІЛЕТУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚТЫҢ 19(5) - БАБЫ);
(III) КӨРСЕТІЛГЕН БҰЙРЫҚТЫҢ 49(2)(A)–(D) - БАБЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ЖАТАТЫН АДАМДАРҒА;
(IV) ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ ЖІБЕРІЛУІ МҮМКІН ӨЗГЕ ТҰЛҒАЛАРҒА (БІРЛЕСІП "ТИІСТІ ТҰЛҒАЛАР"ДЕП АТАЛАДЫ). ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ЖАТАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАР НЕМЕСЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТЕК ТИІСТІ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ.
БҰЛ ХАБАРЛАНДЫРУ МҰНДАЙ ТАРАТУ ЗАҢНАМАҒА ҚАЙШЫ КЕЛЕТІН НЕМЕСЕ ТІРКЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ЮРИСДИКЦИЯЛАРДАҒЫ КЕЗ КЕЛГЕН АДАМДАР НЕМЕСЕ ҰЙЫМДАР ТАРАТУҒА НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛМАҒАН. БҰЛ ХАБАРЛАНДЫРУ ТЕК ҚАРЖЫ ИНСТИТУТТАРЫ МЕН КӘСІБИ ИНВЕСТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ БӨЛШЕК ИНВЕСТОРЛАРҒА АРНАЛМАҒАН. МАҚСАТТЫ НАРЫҚ (MIFID II / UK MIFIR): ТЕК БІЛІКТІ КОНТРАГЕНТТЕР МЕН КӘСІБИ КЛИЕНТТЕР (БАРЛЫҚ ТАРАТУ АРНАЛАРЫ).
PRIIPS: НЕГІЗГІ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЖАТ (KID) ДАЙЫНДАЛМАҒАН, ӨЙТКЕНІ ӨНІМ ЕЭА-ДАҒЫ БӨЛШЕК ИНВЕСТОРЛАРҒА АРНАЛМАҒАН. ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ АҢДАТПА БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ҚҰЖАТЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ. АҢДАТПА ЕО 2017/1129 РЕГЛАМЕНТІНЕ СӘЙКЕС ДАЙЫНДАЛМАҒАН ЖӘНЕ ДАЙЫНДАЛМАЙДЫ.
ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУДЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІГІ НЕМЕСЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨЗГЕ ДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНЫ ТІРКЕМЕГЕН, МАҚҰЛДАМАҒАН НЕМЕСЕ ӨЗГЕШЕ ТҮРДЕ КЕЛІСПЕКЕН. ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУДА ҚАМТЫЛҒАН АҚПАРАТ ЖЕРГІЛІКТІ ОРНАЛАСТЫРУ (LOCAL OFFERING REQUIREMENT) ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚОСПАҒАНДА, СОНДАЙ-АҚ БҰҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНДА ЖӘНЕ "АСТАНА" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ (AIFC) АКТІЛЕРІНДЕ РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН АДАМДАР ҮШІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН МӘМІЛЕЛЕР ЖАСАУҒА ҰСЫНЫС НЕМЕСЕ ШАҚЫРУ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ. ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУ AIFC ЗАҢНАМАСЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ТАЛАПТАРЫНА ТОЛЫҚ СӘЙКЕСТІК ЖАҒДАЙЛАРЫН ҚОСПАҒАНДА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫН ТҮСІНУДЕ ЖАРНАМА БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ. "LOCAL OFFERING REQUIREMENT" ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ ОРНАЛАСТЫРУМЕН БІР МЕЗГІЛДЕ ШЫҒАРЫЛЫМНЫҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІНІҢ КЕМІНДЕ 30% - Ы AIX АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫЛУЫ ТИІС ЕКЕНІН БІЛДІРЕДІ, БҰЛ РЕТТЕ ЖАЛПЫ КӨЛЕМНІҢ КЕМІНДЕ 20% - Ы KASE ЖӘНЕ AIX АРҚЫЛЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ. ОСЫ ХАБАРЛАНДЫРУДЫ АЛУ АРҚЫЛЫ СІЗ КЕЛЕСІНІ РАСТАЙСЫЗ: (A) СІЗ БІЛІКТІ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ САТЫП АЛУШЫСЫЗ (QIB) НЕМЕСЕ АҚШ-ТАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАСЫЗ;
(B) ЕГЕР СІЗ ҰЛЫБРИТАНИЯДА БОЛСАҢЫЗ – СІЗ ТИІСТІ АДАМСЫЗ;
(C) СІЗ БҰЛ АҚПАРАТТЫ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕС АЛУҒА ҚҰҚЫҒЫҢЫЗ БАР.
РЕЙТИНГ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ САТЫП АЛУ, САТУ НЕМЕСЕ ҰСТАУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТЫ БІЛДІРМЕЙДІ ЖӘНЕ ОНЫ КЕЗ-КЕЛГЕН УАҚЫТТА ОСЫНДАЙ РЕЙТИНГ БЕРГЕН ҰЙЫМ ҚАЙТА ҚАРАУЫ, ТОҚТАТА ТҰРУЫ НЕМЕСЕ ҚАЙТАРЫП АЛУЫ МҮМКІН. ЭМИТЕНТТЕРДІҢ ӘРТҮРЛІ ТҮРЛЕРІ МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ ТҮРЛЕРІ ҮШІН ҰҚСАС РЕЙТИНГТЕР МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БІРДЕЙ МАҒЫНАНЫ БІЛДІРМЕЙДІ. ӘРБІР РЕЙТИНГТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА РЕЙТИНГКЕ ҚАРАМАСТАН ТАЛДАНУЫ КЕРЕК.
дәйексөздің соңы
[2026-04-29]