30 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CMH15 (US168_2701) халықаралық облигацияларымен сауда-саттықты тоқтата тұрады
/KASE, 29.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 сәуірінен бастап есеп айырысу күні 2026 жылдың 30 шілдесіне және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің US91282CMH15 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US168_2701) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттық 2026 жылдың 03 тамызынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-04-29]