29 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында үш атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 28.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 29 сәуірінен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша мынадай бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 22 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін, State Street Consumer Staples Select Sector SPDR ETF US81369Y3080 ETF ("KASE Global" секторы, XLP_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 24 маусымынан бастап қайта басталады;
2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 22 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін, The Utilities Select Sector SPDR Fund US81369Y8865 ETF ("KASE Global" секторы, XLU_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 24 маусымынан бастап қайта басталады;
3) есеп айырысу күні 2026 жылдың 05 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін, Bank of America Corporation US0605051046 жай акциялары ("KASE Global" секторы, BAC_KZ), сауда-саттық 2026 жылдың 08 маусымынан бастап қайта басталады;
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-04-28]