KZ
RU
EN
30 сәуір 2026, 05:38
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
28.04.2026 12:35 #Қаржы құралдары

KASE 2026 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

/KASE, 28.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-де айналымға жіберілгендер қатарынан 2026 жылдың мамыр айына өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарындағы инвестициялық қорлардың акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – Бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды.

Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2026 жылдың 23 сәуіріндегі шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды.

2026 жылдың 01-31 мамыры аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздар тізіміне 84 атаудағы бағалы қағаздар енгізілді. 2026 жылдың сәуір айына құрылған өтімділіктің бірінші кластағы бағалы қағаздардың қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді:

1) iShares Silver Trust US46428Q1094 ("KASE Global" секторы, SLV_KZ) ETF;

2) ORACLE CORPORATION US68389X1054 ("KASE Global" секторы, ORCL_KZ) жай акциялары;

3) "Teniz Capital Investment Banking" АҚ KZ1C00000256 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, IFDR) жай акцмялары;

4) "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы "allGA" ИИПҚ KZPF00000132 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FHJIag) пайлары;

5) ConocoPhillips US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акциялары.

2026 жылдың сәуірі айында құрылған өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздар тізімінен мыналар шықты:

1) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "GoodWill KZT" ИИПҚ KZPF00000090 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FFINgw) пайлары;

2) Invesco Water Resources ETF US46137V1420 ("KASE Global" секторы, PHO_KZ) ETF.

2026 жылдың мамыр айына құрылған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздар тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

2026 жылдың сәуір айына құрылған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздар тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-04-28]