KZ
RU
EN
28 сәуір 2026, 04:36
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.04.2026 17:30 #Корпоративтік уақиғалар

"Лизинг Групп" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 28 мамырда өткізу туралы хабарлама

/KASE, 27.04.26/ – "Лизинг Групп" АҚ (KASE тикері – LZGR) 2026 жылдың 28 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1) қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;

2) 2025 жылға жылдық қаржылық есептілікті бекіту;

3) қоғамның өткен қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін анықтау;

4) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарау;

5) қоғамның акционерлерін қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелеріне 2025 жылға сыйақының мөлшері мен құрамы туралы хабардар ету;

6) Директорлар кеңесінің 2025 жылда атқарылған жұмыс туралы есебімен танысу.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ

[2026-04-27]