27 сәуірден бастап "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ KZ2C00015956 (KZIKb43) және KZ2C00015964 (KZIKb44) әлеуметтік облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 27.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 21 сәуірінде "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ мынадай әлеуметтік облигацияларды негізгі алыңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2C00015956 (KZIKb43; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 4 жыл; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталады; 30/360);
2) KZ2C00015964 (KZIKb44; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 4 жыл; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталады; 30/360).
Листинг3kік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 27 сәуірінен бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары 2025 жылдың 02 маусымында 720,0 млрд теңге сомасында тіркелген "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ төртінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде жетінші және сегізінші болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-04-27]