KZ
RU
EN
12 мамыр 2026, 01:14
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.04.2026 17:22 #Қаржы құралдары

27 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында IBM corp. US4592001014 (IBM_KZ) және Pfizer Inc.US7170811035 (PFE_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 24.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 27 сәуірінен бастап есептесу күні орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо бойынша 2026 жылдың 08 мамырға және одан кейінгі күндерге келетін операциялар бойынша келесі жай акциялармен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1) US4592001014 ("KASE Global" секторы, IBM_KZ) IBM corp. (АҚШ);

2) US7170811035 ("KASE Global" секторы, PFE_KZ) Pfizer Inc. (АҚШ).

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 12 мамырынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-04-24]