"Teniz Capital Investment Banking" АҚ "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы" АҚ АҚ еурооблигацияларының екі шығарылымын орналастыруға қатысуға өтінімдер кітабының жабылғаны туралы хабарлады
/KASE, 23.04.26/ – "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (KASE тикері – TCIB) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы" АҚ (ҚТЖ) 5 және 10 жыл айналым мерзімі бар екі траншпен еурооблигацияларды орналастыру шеңберінде, өтінімдер кітабын қалыптастыруды ойдағыдай аяқтады
Букбилдинг қортындысы бойынша:
- 5 жылдық транш бойынша купон мөлшерлемесі 4.875% құрады, ал кірістілікжылдық 5% деңгейінде;
- 10 жылдық транш бойынша купон мөлшерлемесі жылдық 5.250% құрады, ал кірістілік - 5, 375% құрады.
Жарияланған орналастыру көлемі кезінде, инвесторлар тарапынан жиынтық сұраныс шамамен 3,9 млрд АҚШ долларына жетті, бұл ұсыныстан шамамен 4 есе асты және халықаралық инвесторлардың жоғары қызығушылығы бар екенін куәландырады және жаһандық капитал нарықтарындағы Қазақстанның квазимемлекеттік секторының тұрақты кредиттік профилін растайды. Сонымен қатар, құралға арналған жергілікті сұраныс бірқалыпты болып шықты.
Халықаралық андеррайтерлер ретінде, Citigroup, JPMorgan Chase және Sociйtй Gйnйrale қоса алғанда, жетекші инвестициялық банкілер болды. Қосалқы андеррайтерлер ретінде, Abu Dhabi Commercial Bank, Deutsche Bank, Oman Investment Bank and Standard Chartered Bank болды.
дәйекесөздің соңы
[2026-04-23]