"Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау туралы хабарлады
/KASE, 24.04.26/ – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (KASE тикері – HSBK) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) 2026 жылғы 23 сәуірде Банктің Директорлар кеңесінің бастамасымен шақырылған және акционерлердің жалпы жиналысының отырысын өткізбестен сырттай дауыс беру арқылы Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – акционерлердің жылдық жалпы жиналысы) өткізілгені туралы хабарлайды.
Банктің Директорлар кеңесі өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында (Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 54 хаттамасы) 3 жыл өкілеттік мерзімімен Жаксыбек Абдрахметович Кулекеевті, Херман Тишендорфты (Hermann Tischendorf), Петр Романовскиді (Piotr Romanowski) және Хенк Ян Хугендорнды (Henk Jan Hoogendoorn) тәуелсіз директорлар ретінде, Жомарт Досанкулович Нурабаевты "Холдинговая группа "АЛМЭКС" АҚ өкілі ретінде, Арман Галиаскарович Дунаевты, Умут Болатхановна Шаяхметованы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері ретінде сайлау шешімі қабылданды. Банктің жаңа сайланған Директорлар кеңесінің құрамы қабылдаған шешімге сәйкес (Банктің Директорлар кеңесінің жүзбе-жүз отырысының 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 2 хаттамасындағы екінші мәселе бойынша шешімі) Арман Галиаскарович Дунаев Банктің Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-04-24]