KZ
RU
EN
24 сәуір 2026, 16:51
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.04.2026 16:47 #Қаржы құралдары

23 сәуірден бастап "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00017981 (MFRFpp1) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізілетін

/KASE, 23.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 21 сәуірінде "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) KZ2P00017981 (MFRFpp1; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 3 жыл, жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 23 сәуірінен бастап күшіне енеді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-04-23]