Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында "Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00017791 (ORBSb8) облигацияларымен сауда-саттық ашылады.
/KASE, 23.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 24 сәуірінен бастап "Orbis Leasing" ЖШС KZ2P00017791 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, ORBSb8; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 21.04.26- 21.04.28; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-04-23]