KZ
RU
EN
24 сәуір 2026, 16:48
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.04.2026 16:05 #Корпоративтік уақиғалар

"ForteBank" АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

/KASE, 23.04.26/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

Астана қаласы, 2026 жылғы 21 сәуір – "ForteBank" акционерлік қоғамы акционерлердің жылдық жалпы жиналысының қорытындысы туралы хабарлайды. Басқосу аясында Директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау туралы шешім қабылданды.

Өкілеттігінің мерзімінен бұрын аяқталуына байланысты Федор Викторович Попандопуло Директорлар кеңесінің құрамындағы жұмысын өз еркімен тоқтатты.

Акционерлер шешімімен Банктің Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып –Жандосов Ораз Әлиұлы сайланды. Оның өкілеттігі 2026 жылғы 21 сәуірден бастап күшіне еніп, Директорлар кеңесінің қолданыстағы құрамының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 2028 жылы өтетін Банктің жылдық жалпы жиналысына дейін жарамды.

"Федор Викторович корпоративтік басқару жүйесін нығайту мен Банктің стратегиялық күн тәртібінға елеулі үлес қосты. Оның кәсібилігі, терең қаржылық сараптамасы және тәуелсіз көзқарасы Директорлар кеңесі деңгейінде салмақты шешімдер қабылдануына ықпал етті. Біз оған атқарған жұмысы мен ForteBank-тің дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз... "

дәйексөздің соңы

Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ

[2026-04-23]