Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZX000004270 (EABRe7) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 22.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 22 сәуірінен бастап Еуразиялық Даму Банкінің KZX000004270 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRe7; БАӘ-нің 700,0 млн дирхамы; 25.04.25-25.04.28; тоқсандық купон, жылдық 6,50%; 30/360) халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-04-22]