KZ
RU
EN
23 сәуір 2026, 05:59
KZ
RU
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.04.2026 09:30 #Қаржы құралдары

22 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында үш атаудағы бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 22.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 22 сәуірінен бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде репо операциялары бойынша келесі бағалы қағаздармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:

1. есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін, ETF US4642867075 ("KASE Global" секторы, EWQ_KZ) iShares MSCI France ETF, сауда саттық 2026 жылдың 17 маусымынан бастап қайта басталады;

2. есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін ETF US4642871846 ("KASE Global" секторы, FXI_KZ) iShares China Large-Cap ETF, сауда саттық 2026 жылдың 17 маусымынан бастап қайта басталады.

3. есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 мамырына және одан кейінгі күндерге келетін US8552441094 ("KASE Global" секторы, SBUX_KZ) Starbucks Corporation (АҚШ) жай акциялары, сауда саттық 2026 жылдың 18 мамырынан бастап қайта басталады.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.

[2026-04-22]