RU
KZ
EN
21 сәуір 2026, 21:37
RU
KZ
EN
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.04.2026 15:20 #Сауда-саттық ақпараты

Бүгін Қазақстан қор биржасында 15:30-дан 16:00-ге дейін есептесуі 23 сәуірінде болатын, өтеуге дейін мерзімі 7,9 жыл МЕУКАМ KZK200000737 (MOM060_0054) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді

/KASE, 21.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: бүгін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін (МЕУКАМ) қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық төменде келтірілген шарттарда (Астана қ.уақыты) өткізіледі.

-------------------------------------------------------------------------------
KASE сауда-саттық коды:                       MUM096_0016                                               
Бағалы қағаздардың түрі:                      МЕУКАМ                                                    
ISIN:                                         KZKD00001327                                              
KASE сауда-саттық коды:                       1 000                                                     
Номиналды құны, теңге:                        170 066 970                                               
Айналыстағы облигациялардың көлемі, дана:     12.03.26                                                  
Айналысқа жіберу күні:                        11.03.34                                                  
Айналыста болудың соңғы күні:                 12.03.34                                                  
Айналыста болу мерзімі, жыл (күн):            8 жыл (2 880 күн)                                         
Купондық мөлшерлеме, жылдық %:                15,10                                                     
Купонды төлеу мерзімділігі:                   жылына 1 рет                                              
Ккупонды төлеуді бастау күні:                 жыл сайын 12 наурызда                                     
Уақыттық базасы:                              30 / 360                                                  
--------------------------------------------- ----------------------------------
Сауда-саттық күні:                            21.04.26                                                  
Өтеуге дейін мерзімі, жыл (күн):              7,9 жыл (2 845 күн)                                       
Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 50 000,0                                                  
Сауда-саттық мәні:                            "таза" баға                                               
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру           0                                                         
дәрежесі,%*:                                                                                            
Өтінім беру тәсілі:                           жабық                                                     
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                  15:30–16:00                                               
Өтінімдерді растау уақыты:                    15:30–16:00                                               
Кесім күні және уақыты:                       17:00 дейін (Т+0)                                         
Төлеу күні:                                   23.04.26                                                  
Шектелімді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі:  кесімдеу бағасына тең немесе сатушы үшін 
                                              ұтымдырақ болатын
                                              қарсылама шектелімді өтінімдердің                         
                                              бағасы бойынша                                            
------------------------------------------------------------------------------------------

Өтінімде баға ретінде төртінші ондық таңбаға дейінгі дәлдікпен көрсетілген номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған сыйақыны есепке алмағанда) бағасы көрсетілуі тиіс.

Осы орналастыру бойынша есеп айырысулар Т+2 сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде көрсетілген төлем күніне "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша шотында олар сатып алған қазынашылық міндеттемелерді төлеу үшін жеткілікті сомада ақшаның болуын қамтамасыз етуге міндетті (сауда- саттыққа қатысушылар берген және KASE қабылдаған барлық өтінімдер қанағаттандырылуға жатады деген болжамға сүйене отырып).

Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Қағидалардың мәтіні толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу қағидалары толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

Аталмыш облигацияларды шығару туралы толық ақпарат толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2025-04-21]