Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZX000004270 (EABRe7) халықаралық облигацияларымен сауда-саттықтың ашылу күні 21 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды
/KASE, 20.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Еуразиялық даму банкінің KZX000004270 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRe7; БАӘ 700,0 млн дирхамы; 25.04.25 – 25.04.28; тоқсандық купоны, жылдық 6,50%; 30/360) халықаралық облигацияларымен сауда- саттықтың ашылу күні 21 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылғанын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-04-20]