Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкінің KZX000004270 (EABRe7) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 20.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 21 сәуірінен бастап KASE-де Еуразиялық Даму Банкінің KZX000004270 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRe7; БАӘ 700,0 млн дирхамы; 25.04.25-25.04.28; тоқсандық купон, жылдық 6,50%; 30/360) халықаралық облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-04-20]